• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 16 Маусым, 2017

"Сәлем, Қазақстан"  халықаралық байқауының қорытындысы шықты

192 рет
көрсетілді

4 пен 6 жас аралығындағы балдырғандар арасында ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстарға "Экспо-2017" халықаралық көрмесі арқау етіліп,  шетелдерден де үміткерлер белсене қатысты.

Шетелдік балақайлар Қазақстан жайлы бейнероликтен танысып, әлем назары ауып отырған тақырыпты жан-жақты ашуға тырысқан.

«Кішкентай балалардың әсері ерекше келеді. Ересектерге қарағанда олардың қоршаған орта мен әлемді сезінуі басқаша. Осы себепті болар, жүлделі орындарды анықтау біршама қиындық тудырды. Менің ойымша, байқауға қатысқан әрбір бала – жеңімпаз. Шығармалардан киіз үй, жазық дала мен таулы жерлер, қазақ даласының кеңдігі мен сұлулығын анық аңғарылады», дейді қазылар алқасының төрайымы Лидия Гирко.

"Сәлем, Қазақстан"  халықаралық байқауы сәуір айынан басталып, 127 бүлдіршін өз суреттерін жіберген. Италиядан 25, Польшадан 27, Ресейден 29 сурет жолданған. Тіпті, бір итальяндық бүлдіршін қазақстандықтарға арнап бейнеролик те жіберіпті. 150-ден астам жұмыстың арасынан ең үздіктері таңдалып, марапатқа ие болды. Бірінші орынға "ART-палитра" бейнелеу студиясының тәрбиеленушілері мен итальялық "Floreale" балабақшасы лайық деп танылды. Жүлделі екінші және үшінші орындарды теріскейлік балғындар иеленді.

"Коперник" облыстық поляк мәдени орталығы жетекшісінің орынбасары Валентина Корневаның айтуынша, балғындарды елін, жерін сүюге кішкентай кезінен баулу керек. Патриоттық тақырыптың таңдап алынуы сондықтан. Осы байқау арқылы шетелдік балалар Қазақстан жайлы мол мағлұмат ала білді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

-